1943 жылы Орта Азия мен Қазақстанда техникалық жоғары оқу орны (құрылыс материалдарының технологиялық институты) құрылды, ол құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру саласында мамандар даярлауды қамтамасыз етуі тиіс болды.

Институттың педагогикалық ұжымы сәттілікке ие болды, ол Ресей мен Украинаның эвакуацияланған оқу орындарының оқытушылары арасынан құрылды, олардың көпшілігі соғыстан кейінгі жылдары біздің университетте жұмысын жалғастырды.

1954 жылдан бастап ғылыми зерттеулер мен темірбетонның өнеркәсіптік өндірісін кеңінен дамыту ғылыми-зерттеу, жобалау институттары мен өндірістік кәсіпорындарды жоғары білікті кадрлармен және инженерлік-техникалық персоналмен қамтамасыз ету міндетін қойды. Мұндай бейіндегі инженерлер әлемдік тәжірибеге алғаш рет 1951 жылдан бастап Мәскеу инженерлік-құрылыс институтында дайындала бастады, ал 1957 жылы Қазақстанда алғаш рет «Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша инженер-технолог құрылысшылар кафедрасы ұйымдастырылды. Инженер-технолог-құрылысшылардың алғашқы шығарылымы 1959 жылы жүзеге асырылды. Біздің университет ұзақ уақыт бойы осы саладағы мамандарды даярлайтын Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны болып келді. Осы уақытқа дейін 3000-нан астам инженер дайындалды.

Осы кезеңдерде «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары технологиясы» кафедрасының материалдық жабдықтау, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін қалыптастыру тұрғысынан қалыптасуында әр уақытта жұмыс істеген кафедра меңгерушілерінен бастау алатын қалыптасқан педагогикалық дәстүрлер үлкен рөл атқарды. Кафедраның бірінші меңгерушісі А.А. Хомутовтың және одан кейінгі басқарған доценттер Н. Н. Комарованың, А. М. Зинкиннің, А. Л. Глуховеровтың, профессорлар З. Ш. Шарафиеваның, Ю. А. Мамонтовтың, А. Р. Ахметовтың, А. А. Исмаиловтың, 2005-жылдардан кафедра меңгерушісі қызметін атқарған доценттер К. С. Байболовтың, Э.Н. Калшабекованың, Б. Т. Көпжасаровтың педагогикалық мұрасы кафедрада сақталады және пайдаланылады.

Кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуетінің қол жеткізілген деңгейі 1970 жылы аспирантура, ал 2013 жылы жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша докторантура ашуға мүмкіндік берді. Кафедра 3 докторлық, 7 кандидаттық, 3 PhD докторлық және 60 магистрлік диссертациялар орындалды және қорғалды.

Өндіріс қалдықтарын, сондай-ақ жергілікті шикізат базасында тиімді құрылыс материалдарын пайдалана отырып, оның ішінде аз қабатты құрылыс үшін құрастырмалы темір-бетон және құрылыс материалдары технологиясын жетілдіру.

2009 жылдан бастап кафедра Құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдеріне сапа сертификаттарын беру үшін сертификаттық сынақтар жүргізді.

2015-2017 жылдар аралығында 5В073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру мамандығы бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы білім беру бағдарламаларының рейтингі бойынша кафедра 1-ші орынды иеленді.

«Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары технологиясы» кафедрасының түлектері Министрлер, министрлердің орынбасарлары, облыс, қала, аудан әкімдері, түрлі компаниялардың бас директорлары мен президенттері, банк президенттері, профессорлар, доценттер қызметтерін атқарған және ірі және шағын кәсіпорындардың жетекші мамандары болып қызмет атқарды. Солардың ішінде өндіріс кәсіпорындарының жоғары лауазымды  қызметтерді атқарған: Хлебов В.П., Тшанов А.К., Звездин Е. А., Сейтжанов С. С., Мирер М. И. және Сейтжаппаров Н. С., Лунин В. И., Ергешов Р. Б., Естемесов 3.О., Изжанов М. М., Жунисов С. Ж., Бимурзаев С. М. Құсиди Г. Д., Ахметов Г. А., М. А. Әбішев, А.Д. Дүйсекеев атауға болады. Сонымен қатар осы салада қызмет атқарып жүрген Д. А. Ахметов және тағы басқа түлектерін мақтан тұтады.

2017-2022 жылдарында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғарғы оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша 6В07340 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялар өндірісі» білім беру бағдарламасы Республикамыз бойынша осы бағытта маман әзірлейтін 7 оқу орындарының арасында сәйкесінше кафедра 2 және 3 орындарды иеленді.

2023-2024 оқу жылында «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының екі бағыт бойынша қайта құрылуына байланысты «Құрылыс материалдары, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» бағыты «Сәулет» кафедрасының құрамына бірнеше жылдар алдын өткен «Сызба геометриясы және компьютерлік графика» кафедрасының пәндік жүктемелерімен профессор-оқытушы құрамның бірігуімен «Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасы болып қайта құрылды.

Инженерлік бағытта мамандар дайындау тұрғысында бірнеше жылдар дербес қызмет көрсеткен «Инженерлік графика» кафедрасыныңда университет тарихында өз үлесі бар.

Кафедра өзінің қазіргі «Инженерлік графика» атауын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің техникалық институт құрамына кіруіне байланысты 2006 ж. алды. 2006 жылдың күзіне дейін кафедра «Өндіріс негіздері,  инженерлік графика және ОҚТ» болып аталған. Бұл атауын 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінтінің «Сызба геометрия және инженерлік графика» кафедрасы мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің «Өндіріс негіздері және оқытудың техникалық құралдары» кафедрасының қосылуының нәтижесінде алды.

«Сызба геометрия және инженерлік графика» кафедрасының құрылуының тарихы өткен ғасырдың 50 жылдарынан басталады. Кафедра сол уақытта жалпы техникалық кафедралардың құрамында болған және мұнда келесі пәндер оқытылған: материалдар кедергісі; жоғары математика; механизмдер мен  машиналар теориясы және машина бөлшектері; теориялық механика; физика және т.б.. Кафедра өздігінше 1954жылы құрылды және бірінші меңгеруші т.ғ.к., ғалым-энциклопедист, белгілі геометр Василий Прохорович Гончар (1906-1969) болды. Ол кісі сол уақытта Қазақстан технологиялық институты бойынша, қазіргі М Ауезов атындағы ОҚМУ аталған, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар бірінші педагогтардың бірі болған.

В.П. Гончардан басқа кафедрада талантты, білімді педагогтар жұмыс істеген: Мильчо А.А., Гусев Я.В., Манухов Г.С., Фиалков М.Э., ал 1960 жылдан бастап кафедраға тәжірибелі инженерлер және конструкторлар қабылданды: Игнатович Н.Г., Рогулькин А.Г. (1974-1980 ж.ж. кафедра меңгершісі болды), Балабанов П.М., Албутова В.Н., Сапарбеков А.С. (1990-1994 ж.ж.) кафедра меңгерушісі болды), Көшербеков Р., Усманов А., ал соңғы жылдары Тұрысбеков С.Ж., Жандарбекова Д.Д., Боранбаев К.Б., Бақбергенов А.Ю., Шүленбаев Ж.Ж., Жаңабаев Ж.Ж., Воскресенская О.М.

1980 жылға дейін кафедрада тек 3 ғылым кандидаттары жұмыс істеген (Рогулькин А.Г., Гончаров К.В. және Жаңабаев Ж.Ж).

1980 жылдан бастап кафедра меңгерушісі Жаңабаев Жақсылық Жұмаділұлының басшылығымен кафедрада жаңа ғылыми-педагогикалық бағыттың дамуы басталды: оқу процесінде ЭЕМ пайдалану; сызба геометрия курсынан оқытудың автоматтандырылған жүйесін құрастыру; одақтың ірі ғылыми мектептерінде оқытушылар аспирантураға жіберіліп, Қырғызбаев Т.Қ., Күсебаев У.К., Рүстемов К.А., Жақаш Ә.З., Умбетов Н.С. сынды жас оқытушылар кандидаттық диссертациялар қорғап шықты.

Қазіргі таңда «Сызба геометрисяы» пәні «Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасының құрамында университеттің техникалық мамандықтарына оқытылады.

«Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасы 2023-2024 оқу жылына мерейлі жыл ретінде ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарды басшылыққа алады. Бұл жұмыстарды атқаруға кафедраның профессор-оқытушы құрамы жетекші ғылым докторлары мен доценттерін, жас мамандарды тартумен қол жеткізеді.

Кафедраның жалпы құрамы 22 бірлік болса, олар 7 профессор, 4 доцент және 11 оқытушы мен аға оқытушы бірліктерінен құралған. Олардың ішінде 2 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаттары.


МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
 

№,р/с

Кафедра

Мамандықтар

 

 
     

1

Көлік, тасымалдауды және

 қозғалысты ұйымдастыру

5В071300-«ККТжәнеТ»

     

2

 

6М071300-«ККТжәнеТ»

     

3

5В090100-«КПжЖҚТҰ»

     

4

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған

ортаны қорғау

5В073100-«ТҚжәнеҚОҚ»

     

5

6М073100-«ТҚжәнеҚОҚ»

     

6

6D073100-«ТҚжәнеҚОҚ»

     

7

Құрылыс материалдары, бұйымдары

 және конструкцияларының өндірісі

5В073000-«ҚМБжәнеКТ»

     

8

6М073000-«ҚМБжәнеКТ»

     

9

6D073000-«ҚМБжәнеКТ»

     

10

Өнеркәсіптік, азаматтық және

жол құрылысы

5В072900-«Құрылыс»

     

11

 

6М072900-«Құрылыс»

     

12

6D072900-«Құрылыс»

     

13

Сәулет

5В042000-«Сәулет»

     

14

 

6М042000-«Сәулет»

-

-

 
 

1 бет. Барлығы: 10

Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.