«Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті, «Сәулет» кафедрасында, СМ-21-5к1 тобында 07.12.22ж күні, сағат 1500 де, 435В аудиторияда Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Ай мен Айша» шығармасынан үзінді тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


23.11.2022 жылы «Сәулет,құрылыс және көлік» факультетінің студенттері мен белсенділері арнайы факультетіміздің 1 курс студенттері үшін «Студенттерді қарсы алу кешін» өткізді 😍


17 Қараша Халықалалық Студеттер күніне СМ факультетінің Оқытушылары жылы лебіздерін білдірді


«Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің ұйымдастыруымен 5 жатақханада 25 қазан Республика күні мерекесіне орай «МАРАФОН» іс-шарасын өткізілді.


Тәлімгерлік жұмыс жоспары бойынша 21.10.2022ж. сағат 15.00 -де Республиканың 25 жылдығына орай "№4- КАУСАР" балалар-интернатында СМ 20-5к4, 2-курс топ студенттері "Республика күніне арналған - Әр бала бақытты болуға лайықты " -атты такырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізіп қайтты.


Шерхан Мұртазаның 90-жылдығына арналған «БІР КЕМ ДҮНИЕ...» атты әдеби-әуенді кеші. 19 қазан 2022ж. М.Әуезов атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығының бас оқу залында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Бір кем дүние...» атты әдеби кеші «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті «Техникалық мамандықтарға арналған практикалық орыс тілі» кафедрасының және факультеттің аға тәлімгері аға оқытушы Г.А.Парменкулова мен аға оқытушы топ тәлімгері М.А.Умурзакова ұйымдастыруымен 1 курс студеттерімен бірге атап өтілді.


 "Оңтүстіктің киелі жерлері туралы не білеміз?"-, деген айдармен, "Сәулет, құрылыс және көлік" факультететінің аға тәлімгері ТМПОТ кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Парменкулова ұйымдастыруымен және топ тәлімгері М.А.Умурзакова Шымкент өңіріндегі табиғаты тамаша көрікті жерлер мен аңыз ретінде танылған киелі, бүгінде «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасына күнгейден 100 орынның тізіміне ұсынылған, Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылының жанындағы Қаратау сілемінің бөктерінде, 250 м биіктікте орналасқан «Ақ мешіт әулие» үңгірін танысу барысында СМ факультетінің 1 курс топ студенттерімен тамашалап қайтты, СМ 22-6к4 тобының студенті Сариев Мадияр киелі орын «Ақ мешіт әулие» үңгірі күмбезінің әр жерінен су тамшылап тұратынын және күмбез шаңырақтың қасиетінің арқасында судың тамшылары қысы - жазы тамшылағанымен ауада ешқандай келеңсіз патогенді ауру бактериялары болмайтынын, сондықтан мұнда көгеру, шіру деген процесс жүрмейтін кереметі де осында екенін және киелі мекенге Алматыдан, Тараздан, Қызылордадан, Шымкенттен өзге ұлттың адамдары да келетінін айта кетті. Сонымен қатар, Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында. Халық арасында Домалақ ана атанған Нұрила Әли Сыланқызының, Домалақ Ана Кесенесі — зиярат жасалынды.


12.10.2022ж. күні, сағат 18.00 де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай №5 жатақханада «АЛТЫН КҮЗ» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. ✨🔥


 06.10.2022ж. күні, сағат 15.00 де М.Әуезов университеті, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті, «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білімі бері бағдарламасы студенттерінің ұйымдастыруымен «Шындықтың шырақшысы- Шерхан Мұртаза» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.


Мушаев Нұржан
СМ-20 8к тобының белсенді студенті.


Құрметті ұлағатты ұстаздар, шәкірт
тәрбиелеп, ұлтымыздың дамуына үлес қосып
жатқан тұлғалар сіздерді келіп жеткен
мерекелеріңізбен құттықтаймыз!


Адам өміріндегі ең қызықты қайталанбас кезең ол- студенттік өмір,💫🧑‍🎓 ал сол бір кезеңнің бір бөлігін жатақханада өткізу оданда қызық.
Қыркүйек айының 20 жұлдызында 🏛️М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің номері 5 жатақханасында 🎆🎇"WELCOME STUDENTS" атты кеш өтті.


07.09.2022 күні сағат 16.30 да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауын “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” тақырыбында “Сәулет, құрылыс және көлік” факультетінде талқылау жасалды.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің деканы т.ғ.к., доцент Иманалиев Қ.Е. факультет орынбасарларымен, кафедра меңгерушілерімен және 1 курс тәлімгерлерімен бірге 1-ші курсқа қабылданған студенттерді 01.09.2022 күні, сағат 9.00 де оқу ғимаратының алдында күтіп алып, бас ғимараттың «Жастар аллеясында» кездесу өткізді. Кездесуге университетіміздің Стратегиялық даму және интернационализация проректоры Искакова Айгуль Толеутаевна қатысып, студенттерді білім ордамыздың студенті атануымен құттықтап, университетіміздің жетістіктерін айтып өтті.
Факультет деканы т.ғ.к., доцент Иманалиев Қ.Е. 1 курс студенттерін білім беру бағдарламалары (БББ) бойынша таныстырып, кафедраларға бөлді.


Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.