COVID - 19 –дан қорғанудың жалғыз тиімді әдісі - иммундау!

COVID - 19 –дан қорғанудың жалғыз тиімді әдісі - иммундау!
Вакцина (лат. vacca - сиыр, vaccinus - сиырдікі) - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
 Тарихтан: полиомиелитке қарсы вакцинаның арқасында әлемде бір жарым милион адам тірі қалды, 18 милион адам жүре алады. ХХ ғасырда өте жұқпалы шешек ауруынан 300 миллионнан астам адам қайтыс болды.
          Эдвард Дженнер сиыр еті негізінде сенімді және қауіпсіз вакцина дайындады. Соның арқасында қазіргі уақытта шешек вирустары жер бетінде тек екі жерде қалды: Ресей мен АҚШ - тағы жоғары деңгейдегі қорғаныс зертханалары.
 Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина пайда болғаннан бері бүкіл әлемде бірнеше миллиард ересек адам коронавирусқа қарсы түрлі вакциналармен егілді.
 Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ие, ауыр жағдайларды және ауруханаға жатқызуды азайтады және коронавирустық инфекциялардың өлімін азайтуға ықпал етеді.
 Пфайзер вакцинасын (ДДСҰ) 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациалау үшін ұсынады. Бұл халықтың осы топтарында қауіпсіздік пен жоғары тиімділіктің дәлелі бар. Қазіргі уақытта әлемнің 20 - дан астам елінде 12 жастан бастап, жекелеген елдерде 3 жастан бастап (Қытай) және 5 жастан бастап (АҚШ) жасөспірімдерге вакцинация жүргізілуде.
 Қазақстанда коронавирустық инфекциаларға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі және ерікті болып табылады. Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 77- бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің келісімімен ғана жүргізіледі. 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді  вакцинациялауға ата - аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
 Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін сақтау мен тасымалдаудың әртүрлі деңгейлерінде "суық тізбек" қамтамасыз етіледі.
          ЖОО бекітілген медициналық ұйым және ЖОО басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
-ҚР ДСМ №361 бұйрығына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес егу кабинеттерін жабдықтау;
-алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған препараттардың болуы;
-көп жиналудың алдың алу үшін егілетін адамдардың ағынын шектеу;
-вакцинацияға дейін бақылау үшін бөлме бөлу және әлеуметтік қашықтық сақтау шартымен вакцинациядан кейін бақылау үшін жеке бөлме бөлу;
-Студенттерге психологиялық көмек көрсету орталығы және медициналық ұйым психологтарын жасөспірімдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға тарту.
Пфайзер өндірген вакцинамен вакцинациялау алдында
-ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен 12жастан 18 жасқа дейінгі егілетін адамға тексеру және сұрау жүргізіледі;
-иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, егуді жүргізуге рұқсат рәсімделеді;
-егілетін адамға және оның ата-анасына (заңды өкіліне) профилактикалық егу, ықтимал реакциялар егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат беріледі.
Вакцинациядан кейін
Вакцинацияланған адам вакцинациядан кейін 30 минут ішінде вакцина алған жерде медицина қызметкерінің бақылауында болады.
Вакцинадан кейін келесі күтілетін реакциялар болуы мүмкін:
-инъекция орнындағы ауырсыну, ісіну, шаршағыштық, бас ауыруы, бұлшықет ауыруы, буын ауыруы, қалтырау, деарея, қызба; (аталған реакциялардың кейбірі 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерде ересектерге қарағанда біршама жиі кездескен);
-инъекция орнындағы қызару, жүрек айну, құсу;
-Лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әлсіздік, қолдың ауыруы, ұйқысыздық, инъекция орнындағы қышу, бөртпе немесе қышу сияқты аллергиялық реакциялар және т.б.
 Иммундаудан кейін жағымсыз салдарлар туындаған жағдайда- медициналық көмекке жүгіну қажет.
«Пфайзер» өндірісінің вакцинациясымен вакцинациялауға қарсы көрсетілімдері:
-белсенді затқа немесе препараттың кез-келген басқа компоненттеріне аллергия; жұмыртқа немесе желатинге аллергияның болуы вакцинация үшін қарсы немесе ескерту емес, өйткені вакцинада бұл компоненттер жоқ.
-12 жасқа дейін;
-жүктілік 16 аптаға дейін.
Жіті инфекциялық ауырулары бар адамдар үшін және созылмалы ауырулары асқынған кезеңде короновирустық инфекцияларға қарсы вакцинациялауды кейінге қалдыру керек.
Вакцинацияның артықшылықтары:
-инфекцияның ауыр ағымы мен асқынуының алдын алады
-егілгендерге ғана емес, айналадағыларды да (аға-інілер, апа-сіңлілер,туыстар) қорғайды
-«ұжымдық иммунитетті» қалыптастырады
-иммунизациядан кейін алынған «вакцинация паспорты» сіздің сапарыңызды жеңілдетеді.
        Вакцинация жүргізер алдында коронавирусқа КВИ мен антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді.
        КВИ-мен ауырып жазылған адамдар сауыққаннан кейін 6 айдан соң, вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалауды ескере отырып, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатады. КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинациялауға жол беріледі.
        Құрметті Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 18 жасқа толмаған бірінші курс студенттері және олардың ата-аналары болашақта COVID - 19 алаңдамай өмір сүрудің қазіргі таңда адам баласы ойлап тапқан жолы вакцинация. Шешім қабылдарда әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, оң шешім қабылдайтындықтарыңызға сенеміз.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.