Жаңалықтар
13 желтоқсан күні «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті студенттерінің, атап
айтқанда, «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасы студенттерінің белсенді қатысуымен факультет көлемінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30-жыл толуына орай «Мұзда жанған алау от» атты патриоттық мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара ҚР Әнұранымен басталды. Әрі қарай, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің деканы Қ.Е.Иманалиев және «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының меңгерушісі Ж.А.Үсенқұлов мерекені ашық деп жариялап, өз құттықтау сөздерін айтты.
Іс-шарада студенттер 1986 жылғы оқиғалар туралы мәнерлеп өлеңдер оқыды, әндер айтты, би билеп, қойылымдар қойып, тақырып бойынша бейне презентациялар көрсетті. Мерекені "Ия солай" әнімен аяқтады.