Otau City

Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі « ЖАСТАР – ОТАНҒА ! » бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасының «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бағыты аясында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі Алимбек Асланның қолдауымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Құрылыс» мамандығының бітіруші түлектерін құрылыс кешенiмен таныстырды.

Іс шараның мақсаты – жастарды жұмыспен қамту, құрылыс саласындағы жастарды жұмысқа тарту, тәжірибе өткізу, мамандығына деген қызығушылықты арттыру.

Іс тәжірибе барысында 40-қа жуық студенттер құрылыс нысандарындағы материалдарымен танысып, ондағы жұмыс барысын өз көздерімен бақылады . «Otau sity» тұрғын үй кешенi өзiндiк заманауи дизайнерлік идеяларымен және өмір сүрудің қолайлы жағдайларымен ерекшеленеді . Болашақ құрылысшылар жұмыс барысымен танысып қана қоймай, әрбір құрылыс заттарына терең тоқталып, қызығушылықтарын байқатты.

Іс шара барысында «Jas Otan» ЖҚ ШҚФ төрағасы М.Исахов құрылыс саласында терең білім мен қажырлы еңбек етудің маңызы зор екендігін айта отырып, студенттерге жақсы маман иесі болуды тіледі. Шара соңында студенттер өздерінің жағымды әсер алғандарын айтып, қызықты да маңызды кездесуге өз алғыстарын білдірді.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.