Соңғы жаңалықтар

СМ18-6кс топ студенті Б.К. Әліхан «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы жастар жылы аясында еліміздің студенттері мен магистранттарын қолдау мақсатында тұңғыш ұйымдастырылған «Үздік студенттер академиясы» жобасына қатысып, академияның мүшесі атанды, Құттықтау Хатпен марапатталды

 

ҚҰТТЫҚТАУ!

«Құрылыс» мамандығының келесі студентерін

«Инженерлік механика» пәні бойынша: 

I орын - Садырбаев О.М. СМ-19-6р тобының студенті 

III орын Нәбиева А. М. СМ-19-7к тобының студенті

 «Құрылыс құрылымдары» пәні бойынша: 

III орын - Әлжан Т.Е. СМ-18-6к2 тобының студенті

 

Алматы қаласында өткен сәулет білімінің 60 жылдығына арналған "Болашаққа кемел біліммен" атты республикалық студенттік пәндік олимпиадада жүлделі орын алуымен құттықтаймыз !

Сіздерге шығармашылық табыс, зор жеңістер, өз-өзіне сенімділік, табандылық және сәттілік тілейміз! 

Өнеркәсіптік,Азаматтық және жол құрылысы кафедрасы

 

ПОЗДРАВЛЕНИЕ !

 

 

Поздравляем следуюших студентов специальности «Строительство»

По дисциплине "Инженерная механика":

I место-Садырбаев О. М. студент группы СМ-19-6р

III место Набиева А. М. студентка группы СМ-19-7к

По дисциплине "Строительные конструкции":

III место - Альжан Т.Е. студент группы СМ-18-6к2

 

с занятым призовым местом на Республиканской студенческой предметной олимпиаде «Болашаққакемелбіліммен», посвященной 60-летию архитектурного образования который проходил в.г Алматы

Желаем Вам творческих успехов, грандиозных побед, веры в свои силы, упорства и удачи! 

Кафедра «Промышленное,гражданское и дорожное строительство»

 

 

Азаматтық-патриоттық  және құқықтық  тәрбие

 

 

1..Елбасы Жолдауында айтылған Қазақстандықтардың болашағы-қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру міндеті және қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек деген ұсынысын қолдай отырып, қыркүйектің  24-ші жұлдызында

2-қыркүйек күні Қазақстан президентті Қасым-Жомарт-Тоқаев халыққа жолдауы тыңдалды.онлайн

30-тамыз күні уриверситеттің бас корпусындағы акт залында 30-тамыз конститутция күніне арналған жиналыс болды. 1 проректор сөз сөйлеп мәжілісті ашты. онлайн

1. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» мәселелері бойынша «Діннің тәрбиелік мәні» тақырыбында академиялық топтарда тәрбиелік сағаттар өткізілді.Онлайн

2. Қарашаның 6-шы  жұлдызында «Жұмыспен қамту және кәсіби бағдар беру жұмысы» бөлімінің ұйымдастыруымен  бітіруші түлектерді жұмыспен қамту және мемлекеттік қызмет мектебіне үміткерлер тобын қалыптастыру, жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру, білімді, талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында  ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерімен  кездесуге қатыстырылды.Онлайн

3.Желтоқсанның 7-ші жұлдызында «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» атты жаппай бірыңғай іс-шараларын кафедраның тәлімгерлері барлық академиялық топтардаөткізді. Онлайн

Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие

02.09.2020ж. 1 қыркүйек– Білім күніне үлкен мереке ұйымдастырылып, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің деканы Ж.А.Садықов онлайн кездесу ұйымдастырып, кешегі абитуриенттердің бүгін студент болуымен,  студенттерді  жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға алдағы  оқу жылында озат оқып,  әрдайым  алдыңғы қатардан көрінулеріне шын жүректен лебізін білдірді.

“Тәуелсіз елім - Қазақстаным” атты тәуелсіздіктің   мерекесіне арнап топ тәлімгері Л.И. Раматуллаева және СМ-18-9к тобының ұйымдастыруымен жүргізілді.

Ашық онлайн тәлімгерлік сағаты ZOOM бағдарламасында (идентификациялық код 5563772928, пароль 8yRLMK) жоспарға сәйкес сағат 1405 те онлайн жүргізілді. Аталған тақырып бойынша алдын ала «Шақыру билеті» дайындалып факультеттің кафедра ұжымдарына, факультеттің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарына, Университетіміздің тәрбие бөліміне, Рухани жаңғыру бөліміне ұялы байланыс құралының ватсап жүйесі арқылы таратылды.

Тыңдалды: «СМ-18-9k топ тәлімгері Раматуллаева Л.И. - «Армысыздар құрметті қонақтар, әріптестер және студенттер! “Тәуелсіз елім - Қазақстаным” тәлімгерлік сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін.

- тәуелсіздік мерекесі                                                                      

-егеменді еліміздің мерекесі

-отанымыздың мерекесі

- ал Отан деген не?

- Туған жеріміз деп нені айтамыз

-Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!

         Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мол мүмкіндігіміз бар.

 Қазақстан дейтін менің бар елім,

 Жатыр алып жарты дүние әлемін!

 Бұл даланы анам жаспен суарған,

         Бұл далада атам қолға ту алған.

         Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

         Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

 

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін- қаншама қиындықты басынан өткізді. Мыңдаған жылдық тарихы бар,

         Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.» -деп ашық тәлімгерлік сағатты бастады.

Топ студенті Нұрмат Назерке дайындаған презентациясын демонстрация арқылы онлайн көрермендерге, қонақтарға баяндады, онда Тәуелсіздік күнін баяндай келе

«Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,

        Тәтті үміті халқымның сан ғасыры

        Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы

        Келбетіңнен көремін жалғасымды. » - деген  өлең шумағымен аяқтады.

  Топ студенттері Айтжан Лаура, Қалдар Еркебұлан, Илес Арман бірнеше өлең шумақтарын айтып ашық тәрбие сағатының мазмұнын аша түсті.  

  Топ студенті Оңалбай Алтынбек Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

       16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

        Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.Студенттер ойларын ортаға салып өз пікірлерін білдірді.

Топ тәлімгері Раматуллаева Л.И. «  Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын » - деп аяқтады.Топ студенттері ашық онлайн тәлімгерлік сағатында жоғары белсенділік танытты. 

Ашық сабақ соңында «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің Тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Артыкбаев Дархан Жаксылыкович және «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға тәлімгері топ тәлімгері Л.И.Раматуллаеваға және топ студенттеріне алғысын білдірді. 

Рухани-адамгершілік тәрбие

«ТҚ және ҚОҚ»  кафедрасының тәлімгерлері өз топтарының ішінде 1-ші және 2-ші бақылау аптасы бойынша нәтижелері, студенттердің сабаққа қатысуы мен тәртіптерін қадағалауын, оқу ақысын уақытылы төленуін  талқылады.

Топ тәлімгері Керімбекова З.М. СМ-20-9к1 топ студенттерімен  «Ұлттың Ұлы мұраты» тақырыбында ашық онлайн тәлімгерлік сағатын өткізді.

Ашық онлайн тәлімгерлік сағаты ZOOM бағдарламасында (идентификациялық код 7698459661, пароль 0e6qUU) жоспарға сәйкес сағат 1505 те онлайн жүргізілді. Аталған тақырып бойынша алдын ала «Шақыру билеті» дайындалып факультеттің кафедра ұжымдарына, факультеттің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарына, Университетіміздің тәрбие бөліміне, Рухани жаңғыру бөліміне ұялы байланыс құралының ватсап жүйесі арқылы таратылды.

Топ студенті Әбдрақым Марат дайындаған презентациясын демонстрация арқылы онлайн көрермендерге, қонақтарға баяндады, онда М.Әуезовтың өмір жолы, шығармалары, әлемге танытқан туындылары баяндай келе

«Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,

Мұхтар Мұхтар еткен Абай дана,

Қазақтың қос арысы, қос данасы,

Қалайша бас имессің, оған сірә»  - деген М.Жұмабевтың өлең шумағымен аяқтады.

Топ студенттері Құралай, Диас, Айсана, АруайАбайдың бірнеше қара сөздерін оқып, өздеріне түйген ойларын ортаға салып, Абай Құнанбаевтың Ұлтымыздың  Ұлы мұраты екендігін нақтылай келіп, ашық тәрбие сағатының мазмұнын аша түсті.  

Топ студенті Утеген Маргарита аталған тақырыпта өзінің дайындаған баяндамасын оқыды, ол тарихқа, тілге кеңінен тоқталды. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болатынын, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту- еліміздің табысты болуының кепілі деді. Баяндама соңында өзі шығарған өлең шумақтарымен аяқтады.

Топ студенті Өсет Айсана «Рухани Жаңғыру» бағытында дайындаған презентациясын демонстрация жасау арқылы баяндады. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев көрсеткен  жаңғырудың алты бағытына  тоқталып: «Бәсекеге қабілеттілік; 2. Прагматизм; 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау; 4. Білімнің салтанат құруы; 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 6. Сананың ашықтығы»  барлығы да біздің Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі үшін екендігін атап өтті. Баяндамада бүкіл халық ХХІ ғасырдың қасиеттеріне ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар алға жылжудың алғышарттары санатына жатады. Сондықтан «Цифрлық Қазақстан», «Үштілді білім», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасыр талаптарына дайындауға бағытталғандығын атап өтті. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білімде, ғылымда, техникада, яғни барлық салаларда болуы керек. Ұлттық жаңғыру ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты - ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, бәсекеге қабілетті, табысты ел болу, елде бейбітшілік пен келісімді құру, ұлттық өркендеу мен бірлікті нығайту. «Сонымен қатар, модернизация тұжырымдамасының өзі жаһандық әлемге сәйкес келмейтін кейбір ескірген дағдылар мен әдеттерден арылуды білдіреді», - деген елбасының сөзімен аяқтады. Студенттерді осы бағытта еңбек етуіне шақырды. Студенттер ойларын ортаға салып өз пікірлерін білдірді.

Топ тәлімгері З.Керімбекова Абайдың «Құз қияда» және «Капада» шығармаларын талқылаудағы бейнероликтерін ұсынды.

Топ студенттері ашық онлайн тәлімгерлік сағатында жоғары белсенділік танытты. 

Ашық сабақ соңында топ тәлімгері Ұлттың Ұлы мұраты тілімізді, дінімізді, салт дәстүрімізді, Ұлттың тарихын, Ұлы адамдарын төрткүл дүниеге, Әлемге таныту.

 Ашық сабақ соңында «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің Тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Артыкбаев Дархан Жаксылыкович және «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға тәлімгері топ тәлімгері З.Керімбековаға және топ студенттеріне алғысын білдірді. 

СМ-20-9к2 топ тәлімгері Алтыбаев Ж.М. «Әлем таныған Әуезов» тақырыбында ашық онлайн тәлімгерлік сағатын өткізді.

Ашық онлайн тәлімгерлік сағаты ZOOM бағдарламасында (идентификациялық код 4944328806, пароль 7 жоспарға сәйкес сағат 1505 те онлайн жүргізілді. Аталған тақырып бойынша алдын ала «Шақыру билеті» дайындалып факультеттің кафедра ұжымдарына, факультеттің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарына, Университетіміздің тәрбие бөліміне, Рухани жаңғыру бөліміне ұялы байланыс құралының ватсап жүйесі арқылы таратылды.

Тыңдалды: СМ-20-9к2 топ тәлімгері Алтыбаев Ж.М. - «Армысыздар құрметті қонақтар, әріптестер және студенттер! Өздеріңіз білетіндей колледжімізде тілдер мерекесіне орай «Әлем әдебиетінің алыбы – Мұхтар Әуезов!» атты шығармашылық іс-шаралар апталығы өтуде. Осы шараның арқасында сіздер Мұхтар Омарханұлының шығармашылығымен жетік танысудасыздар!

Топ студенті Асқарова Нуржамал дайындаған презентациясын демонстрация арқылы онлайн көрермендерге, қонақтарға баяндады, онда М.Әуезовтың өмір жолы баяндалды.

Сол баяндаманың үзіндісі: «Әуез ата (Әділ): «1897 жылы немерем Мұхтар дүниеге келді. Жасы да бірталайға жетіпті. Балаларымды оқытпасам, түбінде қорлық көрер. Осы Абай оқу десе ішкен асын жерге қояды. Байқасам, ол бірдеңені біледі. Міне қара сөзінде де жазыпты ғой. «Турасын айтқанда балаңа қатын әперме, енші берме, ғылым үйрет. Мына мен айтқан жол, мал аяр жол емес» 25 сөз. Абайжан, заманның өзі оқығанды, білімдар болғанды қалап отыр. Мақсатым, балалар мен немерелерімді оқыту».
Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясыныңакадемигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады».

Топ студенті Бастар Ақнұр оның еңбектері. Еңбектері жайлы бізге Дильназ қысқаша мағлұмат беріп өтті. «Филология факультетінде қызмет жасайтын  «Әуезов аудиториясы» да ірі шығармашылық ұяға айналды. Онда өтетін түрлі ғылыми мәжілістер мен мәслихаттар, көрнекті ғалымдардың лекциялары - өзінің ғылыми-практикалық маңызының жоғарылығымен бағалы. Жазушының 100 жылдығы тұсында университеттің ғылыми кеңесінің мәжіліс залының төріне ілінген гобеленнен тоқылған үлкен бейнесі, филология факультетінің фойесіне қойылған үлкен қола мүсіні мен фойе қабырғасына орнатылған мемориалдық тақта М. Әуезов есімін университетте мәңгі қалдыру мақсатында жасалған іс-шаралар еді. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын оқып үйрену, танып-таныту ісінде университет студенттеріне оқытылатын жалпы және арнаулы курстардың атқаратын қызметі өте жоғары. «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиеттану ғылымына кіріспе», «Әдебиет теориясы», «Мұхтартану», «М. Әуезовтің шығармашылық шеберханасы» секілді пәндер аясында жазушының шығармашылығы, шеберлігі, поэтикасы және шығармашылық еңбек психологиясы ғылымының қазіргі жетістіктері негізінде оқытылады. Аталған пәндердің оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, оқулықтары Қазақстанның барлық университеттерінде бірдей қолданылуы Әуезовті тану мен танытудағы үлкен жетістіктерге жатады. «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті». 

Мұздақар Асқар:  ағамыздың өмірінде Абай ерекше орын алады.
Ұлы Абайдай алыпты,
Қазақ деген халықты,
Таныстырып бар елге,
Абайды бізге танытты.
Адамдық пен надандық,
Жақсылық пен жамандық,
Суреттердің бәрін де,
Оқып одан нәр алдық.
Аталса Абай есімі,
Әуезов түсер есіме,
Абай - Мұхтар қос есім,
Киелі болған өзіме.

Ашық сабақты қорытындылай келе топ тәлімгері Алтыбаев Ж.М.: «Біз бүгін Әуезовтің әлеміне саяхат жасадық. Сіздердің тараптарыңыздан бұл саяхатқа үлкен дайындық болды. Әр білім алушы өз үлесін қосты: көп рахмет. Енді, бүгінгі сабақты Алинаның Мұхтар атасына арнаған арнауымен аяқтайық!» деді.

Ашық сабақ соңында «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің Тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Артыкбаев Дархан Жаксылыкович және «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға тәлімгері топ тәлімгері Ж.Алтыбаевқа және топ студенттеріне алғысын білдірді. 

 

4 Кәсіби және еңбекке баулу тәрбиесі

Студенттерді кәсіби тәрбиелеу университетке қабылдау кезінен кафедраның   білікті   оқытушыларымен   онлайн сұхбаттасу   арқылы   басталады.

Келесі тақырыптарда тәлімгерлік сағаттар өткізілді: Өзін-өзі тәрбиелеу, «Болашақ» бағдарламасы туралы студенттермен әңгіме өткізу, бақылау аптасының нәтижелерін талдау. Жоғарыдағы шараларға байланысты студенттер өз мамандығының маңыздылығын жақсы түсіне бастады.

«Жас маман – 2021» тақырыбында вакансия жәрмеңкесіне бітіруші түлектер онлайн ZOOM платформасында қатысты.

 

5  Діни толеранттылықты қалыптастыру

«ТҚ және ҚОҚ» кафедрасының барлық академиялық топтарының  тәлімгерлік сағаттарында  «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу және онымен күрес» атты онлайн лекция  өткізіліп,  талқыланды.

 

6  Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

«ТҚ және ҚОҚ» кафедрасының барлық топ тәлімгерлері өз топтарында салауатты өмір салтын насихаттаумен және нашақорлықпен күрес мәселелеріне арналған бейне фильмдері бар онлайн кездесулер пікір-сайыстар өткізілді.

 

7  Экологиялық тәрбие

Адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында экологиялық онлайн тәлімгерлік сағаттарда талқыланды.

СМ-18-9кт топ тәлімгері Рахманбердиева Ж.Н. «Үнем-Қоғам Қуаты» тақырыбында онлайн тәлімгерлік сағатын өткізді. Табиғат ресурстары — жер, су, әуе байлықтары, пайдалы қазбалар, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түріндегі табиғи, экономикалық, өндірістік ресурстар; Студенттерді осы бағытта еңбек етуіне шақырды. Студенттер ойларын ортаға салып өз пікірлерін білдірді.

         Топ студенттері онлайн тәлімгерлік сағатында жоғары белсенділік танытты. 

 Сабақ соңында топ тәлімгері Үнем қоғам қуат  тілімізді, дінімізді, салт дәстүрімізді, Ұлттың тарихын, Ұлы адамдарын төрткүл дүниеге, Әлемге таныту.

 Сабақ соңында «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің Тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Артыкбаев Дархан Жаксылыкович және «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға тәлімгері топ тәлімгері Ж. Рахманбердиеваға  және топ студенттеріне алғысын білдірді. 

 

 8 Интеллектуалды және коммуникативті мәдениетті дамыту

1 курс студенттерімен қоғамдық ортаға бейімдеу  және жігерлендіру мақсатында болашақ білімді жастар қолында тақырыбында СМ-20-9к2 тобының тәлімгері Алтыбаев Ж.М. студенттермен «Ақпарат толқыны» бағдарламасын жастар қоғамы арасында насихаттау» тақырыбында ашық онлайн тәлімгерлік сағатын өткізді.

Тыңдалды: «СМ-20-9к2 топ тәлімгері Алтыбаев Ж.М.

 Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.

 Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы дамуы ғылыми-техникалық революцияның тағы да бір кезеңі – адамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларына оның өмірін өзгертіп, ақпараттық қоғам, жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамыған қоғамға көшуінің тұғырын және материалдық базасын құрайтын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) енгізумен сипатталады.

Ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ тәрізді дамыған елдерде әзірленіп іске асырылуда.

Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Дамыған мемлекеттердің стратегиялар мен бағдарламаларын талдау ақпараттық дамудың ұлттық стратегиясын қалыптастыру, ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады.

Біздің елімізге ақпараттық қоғамның құрамдас бөліктерінің тек біріне екпін жасалды: жоғары халықаралық рейтингтердің куәлік етуі бойынша сәтті іске асырылған электрондық үкіметті қалыптастыру және дамыту. Алайда, ақпараттық қоғамды қалыптастыру міндеті әлбетте тек электрондық үкімет пен телекоммуникация саласын дамытуға қарағанда кеңірек.

Сондықтан, ақпараттық қоғамға көшуге ықпалдастық жасайтын барлық қажетті жағдайларды жасау үшін және Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметік жаңғырту: Жалпыға ортақ қоғамдық еңбекке қарай жиырма қадам» атты 2012 жылғы 10 шілдедегі мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

Ақпараттық қоғамды құрудың халықаралық тәжірибесіне және жоғарыда аталған құжаттардың ережелеріне сүйене отыра Бағдарламаның төрт негізгі бағыты анықталды:

мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;

қоғамды әлеуметтік-экономикалық және медени дамытуға арналған ақпараттық ортаны құру;

отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасының негізгі мақсаты: ақпараттық қоғамға көшуді қамтамасыз ететін жағдайларды құру.

Топ студенті Асқарова Нуржамал бағдарлама міндеттерін ата өтті:

- Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету.

- Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету.

- Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру.

- Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Топ студенті Мұздақар Асқар: Білім мен ғылым саласында  бағдарламаның келесі міндеттері көзделген: 

- Орта білім мекемелерінің білім беру процессіне акт-ны енгізу мыналарды көздейді:

- Білім беру барысында акт-ны пайдалану әдістемесі бойынша оқытушылар үшін акт бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру;

- Мүгедек балаларды жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау.

Жоғары оқу орындарының оқу процессіне акт-ны енгізу мыналарды көздейді:

  • ЖОО-лар жанында студенттердің ғылыми жұмыстарын іске асыру үшін қажетті құралдармен жабдықталған зертханаларды ашу.

Білім беру процесстерін электрондық форматқа көшіру қарастырылады: материалдарды тарату, жаңалықтарды жариялау, оқушылардың өзара араласуы, барлық, мектепке дейінгі және жоғары оқу орындарында оқушылар мен оқытушылардың өзара жекелеген қарым-қатынас жасауы; білім беру процессіне мамандықтар бойынша нақты бір кәсіби қызметке арналған жаңа бағдарламалық шешімдері мен қосымшаларды тәжірибелік пайдаланудың негізгі машықтарына оқытуды енгізу.

Ашық сабақты қорытындылай келе топ тәлімгері Алтыбаев Ж.М. «Ақпарат толқыны» бағдарламасының білім саласында маңызы зор екенін ата өтті.

Ашық сабақ соңында «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің Тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Артыкбаев Дархан Жаксылыкович және «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға тәлімгері топ тәлімгері Ж.Алтыбаевқа және топ студенттеріне алғысын білдірді. 

Кафедраның тәлімгерлері өз топтарының студенттерінің  ғылыми - практикалық, ғылыми – теориялық, методикалық конференцияларға қатысуларын ұйымдастырды.

 

9 Мәдени- эстетикалық және полимәдениеттік тәрбие

Кафедраның доценті Керимбекова З.М. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «100жаңа есім» конкурсына қатысып жатыр. Сонымен бірге кафедраның үздік студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысуда.

 

Аты-жөні

 

лауазымы

тобы

1

Икрамов Ильяс

докторант

ДСМ-18-1а

2

Макулбек Гулназ

докторант

ДСМ-18-2р

3

Калкулов Марат

магистрант

МСМ-20-5рк

4

Мустафаева Минайым

магистрант

МСМ-20-5нк

5

Утеген Маргарита

студент

СМ-20-9к1

6

Кусан Лайла

студент

СМ-19-9к1

10 Студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту

Жоспарға сәйкес «Жастар жемқорлыққа қарсы», «Таза сессия»  туралы барлық топтарда әңгіме сұхбат өткізілді. Іс-шара барысында студент жастарға жемқорлықтың саяси әлеуметтік тұрғыдан және адами рухани болмыс тұрғысынан үлкен қателік екендігін кафедраның білікті ұстаздары тарапынан терең түрде барынша ашып, топ тәлімгерлері тәлімгерлік сағаттарда студенттермен талқылады.

Азаматтық-патриоттық  және құқықтық  тәрбие

 

1. Барлық топ тәлімгерлері жаңа оқу жылы барысында білімгерлермен Қазақстан Ата Заңының  қабылдануының 25 жылдығына, 1 қыркүйек Білім күніне арналған тәлімгерлік сағат откізді. (27.08.2020ж. №1 хаттама).

2.«Студенттердің бойына рухани-адамгершілік тәрбие қағидаларын сіңіру мәселелері» бағыты бойынша барлық академиялық топтарда тәрбие сағаты онлайн режимінде  өткізілді.

3. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне және 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай СМ19-6к4 топ білім алушыларымен ZOOM платформасында тәрбие сағаты өткізілді.

  

.«Тәуелсіздік- тұғырым» атты тақырыпта Тәуелсіздіктің 29 жылдық мерекесіне орай кафедраның академиялық топ студенттерімен ZOOM платформасында тәлімгерлік сағаттар өткізілді.

Білімгерлерге 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну, Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен жандардың ерліктері жайлы баяндалды.

 

Университет жанынан құралған «Жас Отан» жастар партисы қатарына  СМ19-6кс топ студенттері  кіріп, белсенді жұмыстар атқаруда, атап айтсақ  «Nur Otaп » партиясынан ең мықты кандидаттарды алдын- ала іріктеудегі үгіт-насихат жұмыстарына ат салысты және Шымкент қаласындағы"Нұр Отан"партиясының атынан Мәжіліс депутаттығына сайлануға уміткер кандидаттарды қолдау мақсатында буклеттер таратып,  үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысуда.

 

Рухани-адамгершілік тәрбие

1.ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын  жүзеге асыру бойынша СМ19-6кс білімгерлері Түркістан облысындағы  Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып кайтты.

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында Қазақтың  ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым  М.О.Әуезовтың туылғанына 123 жылдық мерей тойына орай  кафедраның академиялық топ студенттерімен онлайн ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 

 

 

Кәсіби –еңбек  тәрбиесі

 

1.Кафедраның 4-курс студенттері ZOOM платформасында казанның 28-30 жұлдызы аралығында қос дипломды білім беру бағдарламасын және TOEFI Халықаралық емтиханы бойынша  түсіндіру мақсатында өткізілген кездесуге қатысты, сонымен қатар қарашаның  10-шы жұлдызында университеттің «Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру» бөлімінің директоры А.Қалдыбаевтың жоспарланған « Факультетус - цифровая ярмарка вакансий для студентов и выпускников ЮКУ» тақырыбында өткізілген конференциясына қатысты.

2. Қарашаныңи 11-ші жұлдызында Auezov University и работадатели Казахстана! атты ОҚУ-нің бос жұмыс  орындар цифрлық жәрменкесіне кафедраның бітіруші түлектері қатысты.

3.Желтоқсанның 12-ші жұлдызында ZOOM платформасында кафедра меңгерушісі Ж.Ә. Алдияровтың «Кәсіби бағдар беру» бойынша Шымкент қаласы М.Өтебаев атындағы №3 көп салалы колледж және Түркістан облысы Кентау қаласының колледж  бітіруші түлектерімен, сонымен қатар қаладағы №7 Спатаев атындағы мектеп-лицей  бітіруші түлектерімен жоспарланған конференциясы өтті.

Діни  толеранттылықтың  қалыптасуы

 

1.Барлық академиялық топтарда .«Діннің тәрбиелік мәні»  тақырыбында тәлімгерлік сағаттар өткізілді.  (17.11.2020ж. №3 хаттама).

 

                               6. Дене тәрбиесі салауатты  өмірді  қалыптастыру

 

1.«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын  жүзеге асыру мақсатында  «Дені саудың – жаны сау»  академиялық топ студенттерімен   тәлімгерлік сағаттар өткізілді.

                

                                          7. Экологиялық тәрбие

 

1. Экологиялық кодексті түсіндіру мақсатында кафедраның академиялық топтарында тәлімгерлік сағаттар өткізілді.

 

        8. Интеллектуальды және коммуникативті мәдениетті жетілдіру

 

1.Карашаның 20-шы жұлдызында Нижний Новгород қаласында техникалық, физико-математикалық ғылыми бағыт бойынша студенттердің халықаралық

Ғылыми жұмыстарының конкурсында СМ18-6кс топ студенттері  Әліхан Балжан, Тұрғанбек Тойлан, Сансызбай Азамат жұлделі  3-ші дәрежелі Дипломмен марапатталды. (жетекші  т.ғ.к.,доцент  Аубакирова Ф.Х.)

2. СМ18-6кс топ студенті Б.К. Әліхан «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы жастар жылы аясында еліміздің студенттері мен магистранттарын қолдау мақсатында тұңғыш ұйымдастырылған «Үздік студенттер академиясы» жобасына қатысып, академияның мүшесі атанды, Құттықтау Хатпен марапатталды.

 

Мәдени-эстетикалық және полимәдениетті тәрбие

                                                                                                  

1.Кафедраның академиялық топтарында атаулы күндерге арналып тәлімгерлік сағаттар өткізіліп отырды.

 

                            

                     10. Студенттік  өзін - өзі  басқаруды  және жастар

                                                бастамасын  дамыту

 

 

1. Кафедраның академиялық топтарында Халықаралық студенттер күніне арналып  ZOOM платформасында  тәлімгерлік сағаттар өткізілді.

 

                                               

Жалпы оқу - тәрбиелік жұмыс, тәлімгерлер арқылы әрбір студентке оңлайн режимде тәлімгерлік сағаттарда айтылды және  оңтайлы ықпалын тигізді.

 

 

«Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасының

2020-2021 оқу жылының 1-ші жарты жылдықта тәрбие жұмысының жылдық жоспарына  сәйкес орындалған іс-шаралардың статистикалық көрсеткіші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бағыттар

 

 

 

 

Ұйымдастыру жұмысчтары

 

 

Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие

 

Рухани-адамгершілік тәрбие

Кәсіби және еңбекке баулу тәрбиесі

Діни төлеранттылықты қалыптастыру

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Экологиялық тәрбие

 

Интеллектуальды және коммуникативті мәдениетті дамыту

Мәдени-эстетикалық және полимәдениетті тәрбие

Студенттің өзін-өзі басқару және жастар бастамасын дамыту бастамасын дамыту

Барлығы

1

Жоспарланған іс-шаралар(1-жарты жылдықта)

5

2

2

-

-

1

1

2

1

1                                                                                               

15

2

Орындалған іс-шаралар(1-жарты жылдықта)

7

5

2

3

1

1

1

2

1

1

24

3

Жоспардан тыс іс-шаралар

2

3

 -

3

1

     -

-

-

-

-

8

                         

 

 

 

 

 

«Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті

 

Профессор-оқытушыла құрамы:

10 Ғылым докторлары, профессорлар

68 Ғылым кандидаттары, доценттер

6 PhD  докторлар

32 Магистрлер

 

Білім бағдарламары

14 - Бакалавриат

8 - Магистратура

3 - PhD  докторантура

Білім алушылардың контингенті

Бакалавриаттар - 1424

Магистранттар - 88

Докторанттар - 19

Бакалавриат Білім бағдарламалары

Бакалавриат Білім бағдарламалары

Білім беру бағдарламалары

Білім беру бағдарламаларының топтарының атауы

Білім беру бағдарламаларының нөмірі және атаулары

1-бейіндеуші пән

2-бейіндеуші пән

В065

Автокөлік құралдары

6B07130

Көлік, көліктік техника және технологиялар

Математика

Физика

6В07131

Автосервис және фирмалық қызмет көрсету

Математика

Физика

В095

 

 

 

 

 

Көлік қызметтері

6B11310

Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Математика

Физика

6B11311

Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру

Математика

Физика

6B11312

Көлік логистикасы

Математика

Физика

В074

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

6B07320

Құрылыс

Математика

Физика

6B07321

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы

Математика

Физика

6B07322

Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы

Математика

Физика

6В07323

Сумен жабдықтау және канализация

Математика

Физика

6B07340

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру

Математика

Физика

В073

Сәулет

6B07310

Сәулет

1-шығармашылық

2-шығармашылық

6В07311

Қала құрылысы

1-шығармашылық

2-шығармашылық

 

 

В094

 

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

 

6B11210

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Математика

Физика

6В11211

Техникалық сала қауіпсіздігі

Математика

Физика

 

 

Магистратура Білім бағдарламалары

 

Білім беру бағдарламалары

Білім беру бағдарламаларының топтарының атауы

Білім беру бағдарламаларының нөмірі

Білім беру бағдарламаларының топтарының атауы

М125

Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

 

 

7M07340

Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі

 (2 жыл)

М124

Құрылыс

7M07320

Құрылыс (2 жыл)

7M07322

Құрылыс (1 жыл)

М122

Cәулет

7M07310

Cәулет (2 жыл)

М104

Көлік, көліктік техника және технология

7M07130

Көлік, көліктік техника және технологиялар (2 жыл)

7M07131

Көлік, көліктік техника және технологиялар (1 жыл)

М087

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

7М11210

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

(2 жыл)

7М11212

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

(1 жыл)

 

PhD докторантура Білім бағдарламалары

 

Білім беру бағдарламаларының нөмірі

Білім беру бағдарламаларының топтарының атауы

Білім беру бағдарламаларының нөмірі

Білім беру бағдарламаларының топтарының атауы

D124

Құрылыс

8D07320

Құрылыс

D125

Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

8D07340

Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру

D148

Логистика сала бойынша

8D11210

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

 

Түлектердің біліктілігі мен қызметсаласы

 

6B07310, 6B07311

- кәсіби компьютерлік бағдарламалармен тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік құрылыс кешендерін қазіргі сәулет талаптарына сай жобалау, олардың кұрылысын бақылау, қала құрылысы, сәулет және ландшафт дизайны жобаларын жасау.

- облыс, қала, аудан және ауылдық округтар деңгейлеріндегі сәулет-құрылыс басқармаларында маман және сәулетші қызметтерін атқару;

- сәулет құрылыс компанияларының, фирмалардың және с.с. жобалық-конструкторлық бөлімдерінде сәулетші қызметін атқару;

- сәулет-құрылыс бейіні бойынша арнаулы оқу орындарында және колледждерде оқытушы қызметін атқару.

 

6B07130, 6В07131

- көлік логистикасысаласында;

-көліктік бақылау Комитетінің аумақтық органдары (ҚР инвестиция және даму министрлігі);

-«ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

-жолаушы, жүк және таксомотор автокөлік кәсіпорындары;

- автомобиль салондары («Бипэкавто», Меrsedes Сentrе, Тоyota Сentrе, Hyundai Сentrе, «Вираж»және  т.б.);

-автомобильдерді міндетті техникалық бақылаудан өткізетін кәсіпорындар;

-кәсіпорындарға қарасты автокөлік парктері мен  көлік  бөлімдері («Онтустик жарык» ЖШС, «Шымкентгаз» ЖШС  және т.б.);

- автосақтандыру мекемелері;

- автокөлік құралдарының жүргізушілерін, автомеханиктерді даярлау бойынша білім беру мекемелері (көлік мектептері, колледждер)

 

6В11310, 6В11311, 6B11312

- «ҚТЖ – Жүк тасымалы», «Казтранссервис», «Жолаушылар тасымалы», «Әскерилендірілген  теміржол күзеті», «Вокзал-сервис», «Біріккен  көліктік  логистика», «Қазтеміртранс» АҚ, «НК «ҚазАвтоЖол», «Ремлокомотив» АҚ;

- ҚР ІІМ көліктегі  ішкі істер бас басқармасы;

-көлік логистикасы саласында;

-«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ;

-«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ қарасты    және еншілес мекемелер («Қазтранссервис»  АҚ, «Локомотив  Сервис орталығы» АҚ, «Көліктік қызмет орталығы» АҚ);

-«Локомотив құрастыру зауыты»АҚ

-«Кедентранссервис» АҚ;

-көлік кәсіпорындары және олардың бөлімшелері;

-Мемлекеттік көлік инспекциясы мен көлікті басқарудың аймақтық органдары;

-көлікті экспедициялық кәсіпорындар мен ұйымдар.

 

6B07320, 6В07321, 6В07322, 6В07323, 6B07340

  • Жобалық, жобалау-зерттеулік ұйымдар; Өнеркәсіптік, азаматтық, тұрғын, транспорттық, гидротехникалық үйлер мен ғимараттарды тұрғызудағы құрылыс ұйымдары мен мекемелері; Түрлі деңгейдегі әкімшіліктер және құрылыс департаменттері; Жол-пайдалану және жөндеу мекемелері; Жол-басқару мекемелері; Жол және транспорт қызметтері; Құрылыс колледждері; Ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері; Жолдарды жөндеу пайдалану, сумен жабдықтау және канализация нысандары бойынша кәсіпорындарында.
  • құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіретін орындар мен құрылыстық және оны пайдалану мекемелерінде инженер-технолог, жұмыс жүргізуші;
  • жобалау мекемелері мен оның бөлімшелерінде инженер;
  • ғылыми-зерттеу мекемелері мен олардың жүйелік  бөлімдерінде ғылыми қызметкер;
  • муниципалды инфрақұрылымдық объектілердің  жетекшісі;
  • кәсіби мамандар дайындайтын оқу орындарынд оқытушы;

үкіметтің әкімшілік органдарында – құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіретін мекемелердің дайын бұйымдарын лицензиялау мен сертификациялау мәселерін шешу.

 

6В11210, 6В11211

- Түрлі салалардың министрліктері мен департаменттері

- Барлық деңгейдегі экологиялық қызметтер;

- Тұрмыстық және ауылшаруашылығының барлық

   өндірістерінде және қорықтарда;

- Жер комитеттерінде;

- Су ресурстарын реттеу, пайдалану және қорғау мекемелерiнде;

-Ауа-райын болжау қызметтерiнде және су қорғау инспекцияларында;

- Ғылыми зерттеу институттарында;

-Халық шаруашылығының барлық өнеркәсіп өндіріс орындарында;

- Экономикалық салаларда;

- Төтенше жағдайлар бойынша құрылымдық бөлiмшелерiнде;

-Тiршiлiк қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтитын жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану мекемелерiнде;

- Мектептерде, колледждерде, лицейлерде.

 

 

Заманауи зертханалар

 

 

 

 

 

         

 

        

 

     

 

 

Мультимедиялық зертханалар

 

 

 

Қазақстан Республикасы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» иегерлері

 

 

Сүлейменов Ұланбатор Сейтқазыұлы

 «Сәулет» кафедрасы,  т.ғ.д, профессор

Туленов Айдарали Туленович

«Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасы, т.ғ.к, профессор

Пернебеков Сакен Садибекұлы 

«Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» т.ғ.к.,профессор

Үсіпбаев Үсен Асылбекұлы

«Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасы, т.ғ.к, доцент

 

 

Наукенова Айгүл Сағындыққызы

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы, т.ғ.к, доцент

 

Үсенқұлов Жеңісбек Амантайұлы

«Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедра меңгерушісі, т.ғ.к, профессор 

 

Шапалов Шермахан Құттыбайұлы

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы, PhD докторы, аға оқытушы

 

Жаңабаев Жаксылық Жұмаділұлы

«Сәулет» кафедрасының, п.ғ.д, профессор

 

Халықаралық байланыс

 

 

Хабаровск қаласында EEIHSR жобасына қатысушылардың кездесуі-12-14 қыркүйек 2019 жыл

 

"Орал локомотивтері" ЖШҚ зауытындағы EEIHSR жобасының қатысушылары»

 

 

КИЭИ  ректоры, т.ғ.д.,

профессор Н.Н.Махмудовпен кездесу

 

Орта Азиядағы ең жылдам жүретін, Ташкент-Самарқанд-Қаршы бағытында қатынайтын «Afrosiyob»атты жүрдек пойыз

 

 

 

 

 

 

Академиялық ұтқырлық

 

 

 

 

 

Қызықты студенттік өмір

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.