17 Қараша Халықалалық Студеттер күніне СМ факультетінің Оқытушылары жылы лебіздерін білдірді
"Оңтүстіктің киелі жерлері туралы не білеміз?"-, деген айдармен, "Сәулет, құрылыс және көлік" факультететінің аға тәлімгері ТМПОТ кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Парменкулова ұйымдастыруымен және топ тәлімгері М.А.Умурзакова Шымкент өңіріндегі табиғаты тамаша көрікті жерлер мен аңыз ретінде танылған киелі, бүгінде «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасына күнгейден 100 орынның тізіміне ұсынылған, Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылының жанындағы Қаратау сілемінің бөктерінде, 250 м биіктікте орналасқан «Ақ мешіт әулие» үңгірін танысу барысында СМ факультетінің 1 курс топ студенттерімен тамашалап қайтты, СМ 22-6к4 тобының студенті Сариев Мадияр киелі орын «Ақ мешіт әулие» үңгірі күмбезінің әр жерінен су тамшылап тұратынын және күмбез шаңырақтың қасиетінің арқасында судың тамшылары қысы - жазы тамшылағанымен ауада ешқандай келеңсіз патогенді ауру бактериялары болмайтынын, сондықтан мұнда көгеру, шіру деген процесс жүрмейтін кереметі де осында екенін және киелі мекенге Алматыдан, Тараздан, Қызылордадан, Шымкенттен өзге ұлттың адамдары да келетінін айта кетті. Сонымен қатар, Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында. Халық арасында Домалақ ана атанған Нұрила Әли Сыланқызының, Домалақ Ана Кесенесі — зиярат жасалынды.
06.10.2022ж. күні, сағат 15.00 де М.Әуезов университеті, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті, «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білімі бері бағдарламасы студенттерінің ұйымдастыруымен «Шындықтың шырақшысы- Шерхан Мұртаза» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мушаев Нұржан
СМ-20 8к тобының белсенді студенті.
Құрметті ұлағатты ұстаздар, шәкірт
тәрбиелеп, ұлтымыздың дамуына үлес қосып
жатқан тұлғалар сіздерді келіп жеткен
мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Адам өміріндегі ең қызықты қайталанбас кезең ол- студенттік өмір,💫🧑🎓 ал сол бір кезеңнің бір бөлігін жатақханада өткізу оданда қызық.
Қыркүйек айының 20 жұлдызында 🏛️М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің номері 5 жатақханасында 🎆🎇"WELCOME STUDENTS" атты кеш өтті.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің деканы т.ғ.к., доцент Иманалиев Қ.Е. факультет орынбасарларымен, кафедра меңгерушілерімен және 1 курс тәлімгерлерімен бірге 1-ші курсқа қабылданған студенттерді 01.09.2022 күні, сағат 9.00 де оқу ғимаратының алдында күтіп алып, бас ғимараттың «Жастар аллеясында» кездесу өткізді. Кездесуге университетіміздің Стратегиялық даму және интернационализация проректоры Искакова Айгуль Толеутаевна қатысып, студенттерді білім ордамыздың студенті атануымен құттықтап, университетіміздің жетістіктерін айтып өтті.
Факультет деканы т.ғ.к., доцент Иманалиев Қ.Е. 1 курс студенттерін білім беру бағдарламалары (БББ) бойынша таныстырып, кафедраларға бөлді.