«Аралық жабындар мен едендердің конструктивтік шешімдері» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді
- Шынгыс Усенов
- Кафедра жаңалықтары
- Қаралды: 121
«Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының аға оқытушысы Альжанова Жамиля Ускинбаевна «Ғимараттарды жобалау негіздері» пәнінен 02.11.2022ж. сағат 12.50 де 411В ауд. СМ 21-6к1 тобымен «Аралық жабындар мен едендердің конструктивтік шешімдері» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Ашық сабаққа кафедраның профессор мен доценттері қатысты. Сабақ пікір сайыс, пікір алмасу түрінде ұйымдастырылды. Ашық сабақ барысында СМ 21-6к1 тобының студенттері аралық жабындар және едендердің сызбаларын, конструктивтік шешімдерін айтып, тақтаға сызбасын сызып көрсетті. Ашық сабаққа қатысқан кафедра оқытушылары Ж.У. Альжанованың сабақты жоғары деңгейде өткізгенін айтты.