27 қазан 2021жылы Академик Сулейменов С.Т. атындағы мәжіліс залында 340 ауд. «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті мен мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру орталығымен бірге «Білім беру мен өндірістің интеграциясы мамандарды дайындау сапасын арттыру кепілі» атты М. Әуезов ат. ОҚУ-дың аймақтың бизнес серіктестерімен құрылыс бағыты бойынша кездесу өткізді.
Кездесуге құрылыс және құрылыс өндірісінің материалдары бағытында жұмыс атқаратын 30-дан аса мекеме басшылары мен ЖШС директорлары қатысты.
Атап айтқанда:
- «Отау Cтрой» ЖШС
- «BI Group» ЖШС
- «Таир» ЖШС
- Шымкент қ. «Құрылыс басқармасы»
- Шымкент қ. «Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» т.б.
Кездесудің мақсаты: Ынтымақтастық форматын нығайту, жаңа байланыс жолдарын табу, заманауи сын-тегеуріндер талаптарына сай келетін құрылыс саласы үшін мамандар даярлауға жаңа серпін беретін міндеттерді қалыптастыру.
Бұл кездесу жоғары оқу орны мен экономика өкілдерінің талқылауы мен пікір алу үшін тамаша платформа болды.
Кездесуде кадрларды бірлесіп даярлау мәселелері талқыланды
1.Дуальды оқыту.
2.Өндірістерде кафедра филиалдарын ашу, білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері.
3.Түкістан облысы және Шымкент қаласының еңбек нарығы үшін мамандарды дайындау.
Кездесу қорытындысы бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісім-шарттарарға қол қойылды.