Жаңалықтар
- Қаралды: 25
Бүгін 02.04.2025ж. М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде ғылым айы бойынша үйымдастырылған «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының бастамасымен бас корпустың 350 аудиториясында «Экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының негізі» тақырыбында онлайн режимінде Халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға өзекті мәселелерді талқылау және озық тәжірибе алмасу үшін Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресейдің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы жетекші сарапшылары жиналды.
Негізгі баяндамаларды келесі спикерлер жасады:
1. Сулайманов Сунатилла Сулайманович, т.ғ.д., профессор (Ташкент мемлекеттік көлік университеті, Өзбекстан ұлттық университеті)
Баяндама тақырыбы: «Өзбекстан темір жол көлігіндегі еңбекті қорғаудың заманауи мәселелері»
2. Копытков Владимир Владимирович, т.ғ.к., доцент, подполковник (Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс университеті)
Баяндама тақырыбы: «Химиялық қауіпті кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау («Кронохем» АҚ мысалында)»
3. Логачева Екатерина Алексеевна, б.ғ.к., доцент (Н.И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университеті)
Баяндама тақырыбы: «Қоршаған ортаның ластануының амин қышқылы маркерлері»
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін, экологиялық тәуекелдер мен оларды барынша азайту жолдарын, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы халықаралық тәжірибені талқылады. Трансшекаралық ынтымақтастық пен инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындыларды шығарумен аяқталды, оның барысында сарапшылар жаһандық өндірістік және экологиялық мәселелерді шешу үшін елдер арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

powered by social2s