2019 жылғы 2 наурыз күні қала мектеп оқушылары арасында сызу бойынша кезекті жыл сайынғы олимпиада өткізілді.
- Факультет жаңалықтары
- Қаралды: 93
2019 жылғы 2 наурыз күні қала мектеп оқушылары арасында сызу бойынша кезекті жыл сайынғы олимпиада өткізілді. Олимпиада есептерінің негізгі тақырыптары – Көріністер, тіліктер, аксонометрия". Олимпиадаға қазақ, орыс және өзбек тілдерінде оқитын 120-дан астам оқушы қатысты.
Оқушылардың негізгі бөлігі берілген есептерді жақсы орындап шықты, әрине, жіберілген қателіктер де болды.
Осы жылы олимпиада өткізу комиссиясы ерекше көзге түскен оқушыларды "ГРАН-ПРИ" дипломымен марапаттау туралы шешім қабылдады.
Осыған орай, Ереханова Амина - №8 мектеп, Айтқазы Сымбат - №103 мектеп, "ГРАН-ПРИ" Дипломына ие болды.
Моргачева Валерия - КИШ "Бәйтерек", " Хан Юлия - КИШ "Бәйтерек", Исмаилов Мұрат - №90 мектеп, Камилжанова Диана - №33 мектеп, І-дәрежелі Диплом иегері болды.
Сонымен қатар, ерекше көзге түскен оқушылар 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Сонымен бірге, айта кету керек, кейбір мұғалімдер өз шәкірттеріне есеп шығаруға көмек беруге әрекет жасады, ол үшін қазіргі заманғы техника толық мүмкіндік береді. Біз, әрине, түсінеміз, жеңімпаз болу әрқашан құрмет, алайда ол жеңіске адал, бәсекелестік жолмен қол жеткізсе, екі есе құрмет.
Құрметті ұстаздар, ойланыңыздар! Сіздер балаларды адал, әділ, мейірімді болсын деп тәрбиелеуге міндеттісіздер. Балалар үлгіден үйренеді, көргенін қайталайды. Ал "СІЗДЕР" қандай үлгі боласыздар.