Шетелдік ғалым студенттер мен магистранттар үшін дәріс курсын өткізді

07.10.2015-тен 14.10.2015 ж. аралығында «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасында шетелден шақырылған ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Харьков политехникалық институтының «Дөңгелекті және шынжыр табанды машиналардың ақпараттық технологиялары мен жүйелері» кафедрасының меңгерушісі Волонцевич Дмитрий Олегович 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандықтарының студенттері мен магистранттарына келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқыды:

1. Дөңгелекті және шынжыр табанды машиналарды кешенді функционалды математикалық модельдеу.

2. Қозғалтқышты, трансмиссияны, аспалар мен жүріс жүйелерін басқару жүйелерін автоматты жобалау.

3.Қозғалмалы нысандар мен технологиялық процестерді автоматты басқару.

4. Қозғалмалы нысандарға арналған кешенді навигациялық жүйелер.

Профессор «КТжҚҰ» кафедрасының ПОҚ-на ғылыми зерттеулердің жаңа әдістемелері бойынша кеңес берді.  Сондай-ақ ПОҚ ғалыммен бірге дипломдық жоба, магистрлік диссертация тақырыптарын, студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығын, магистранттардың стажировкадан өтуін, екіжақты біріккен семинарларды ұйымдастыруды, біріккен ғылыми жобалар мен бағдарламаларды талқылады. 

АРТА-2015 және БСҚТҚА-2015 рейтинг нәтижелері бойынша алдыңғы орында 

АРТА-2015 (Аккредитациялау мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі) тәуелсіз рейтинг нәтижелері бойынша «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының бакалавриаты мен магистратураның барлық білім беру бағдарламалары қатысқан 55 ЖОО ішінен көшбасшылар үштігіне кірді:

5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»  мамандығы – орын;

5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы – орын;

6М071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» – орын.

АРТА-2015 тәуелсіз рейтинг нәтижелері №101 2 маусым 2015 ж. «Комсомольская правда» жалпы ұлттық газетте жарияланды.  

Сонымен қатар, БСҚТҚА-2015 (Білім беруде сапаны қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз Қазақ Агенттігі) ұлттық рейтинг нәтижелері бойынша М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы ҚР-ң көшбасшы ЖОО-ның ішінен 2-ші орын алды.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.