Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасының 8D07320 – «Құрылыс» мамандығы бойынша докторант Ибраимова Ұлжан Бахытжанқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алуға «Магистралды газ құбырлардың көлемді-жылдам қирауын зерттеу және оны алдын алу әдістерін жасау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын талқылау өтетіні туралы хабарлайды.
Баяндама тілі – Қазақ тілі.
Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Отандық ғылыми жетекші: Жаңабай Н.Ж. - техника ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Сәулет және қала құрылысы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Шетелдік ғылыми кеңесші: Аврамов К.В. - техника ғылымдарының докторы, профессор, Украинаның ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, А.Н.Подгорный атындағы Украина ҰҒА-ның машина жасау мәселелері институтының сенімділік және динамикалық беріктік бөлімінің меңгерушісі.
Рецензенттер:
1.Айменов Ж. Т. - М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Жаратылыстану-техникалық ғылымдар ҒЗИ директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор.
2.Тошхужаев А.У. - техника ғылымдарының кандидаты, Ташкент Архитектура - құрылыс университетінің (ТАҚУ) «Гидротехникалық және геотехникалық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі.
Талқылау гибридті форматта, онлайн және офлайн, 2024 жылғы 6- мамырда сағат 10:00-да Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, 16 оқу корпусы, №219 аудитория мекенжайы бойынша өтеді.
powered by social2s