Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласының экономикасы жан-жағынан дами түсті. Қаламызда құрылыс индустриясы, машина жасау, мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндірісі, текстиль өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, тағы басқа өндірістік салалар қалыптасты. Тәуелсіздіктің 30 – жылдық мерекесі қарсаңында 2021 жылдың 17-19 қараша аралығында қала әкімдігі жергілікті тауар өндірушілерінің «Шымкент өнімдері» көрмесіне М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының оқытушылары және студенттері барып, кафедра тарапынан көрмеге күйдірусіз жолмен алынатын тұтқыр заттар және бетондар үлгілері қойылды. Өздерінің оқу бағдарламасына және құрылыста қолданылып жатқан заманауи материалдарды көріп, талдау жасады. Бұл көрмеде біздің әріптестеріміз бен студенттеріміз өздеріне қажетті ақпараттар алып келді.