«Заманауи педагогика және психология» кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 - жылдығына орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты мерекелік тәрбие іс-шарасы өтті. Тәлімгерлер А.Т Сарипбекова және Г.А Омарованың жетекшілігімен ТП 19 -1К және ТП 19-8К топ студенттері салтанатты концерт ұйымдастырды. Қазақтың халық әндері, билері, Отан туралы өлеңдер орындалып , деректі - тарихи бейнеролик көрсетілді.
powered by social2s